ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «21» мамырдағы №83-Ж/Қ өкімімен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы 1978 жылы туған, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару» және «Құқықтану», Ресей кеден академиясын «Кеден ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

1999-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде инспектор, басқарма басшысының орынбасары, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім бастығы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басқарма басшысы, 2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Агро-НК-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылдың қаңтарынан Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.