Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша бірінші орында | arainews.kz

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша бірінші орында

153

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында  Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов  ауыл шаруашылығы саласында жыл ішінде жеткен жетістіктерге айрықша тоқталды.

—  Облыс тұрғындарының әл-ауқаты агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейімен тығыз байланысты. Себебі халықтың 60 пайыздан астамы (681 мың адам) ауылдық жерлерде тұрады.

Өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада бірінші орындамыз (облыс – 104,4%, ҚР – 99,8%).

Егістік  алқабы 18  мың гектарға  ұлғайып (2018 ж. – 38 мың  га),  687 мың гектарға  жетті, оның 352,4 мың гектары  дәнді дақылдар, 182 мың гектар  суармалы жерлер.

Озық технологияларды енгізу арқылы үдемелі бақ 40%-ға ұлғайып (404 га), 1029 гектарға  жетті.

Суармаларды жерлерді көбейту үшін өткен жылы құрылған мехотряд (46 техникасы бар) 93 шақырым  арналарды тазартып, 6,2 мың гектар суармалы жерді қалпына келтірді.

Мойынқұм ауданында 9 мың халқы бар 6 елді мекенде 20 жылдан аса пайдаланылмаған 70 шақырым  арна тазаланып, 1,2 мың гектар  (2018 ж. – 1,4 мың га) пайдалануға берілді.

Кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқап    992 мың гектар болса, оның 214 мың гектары  айналымнан шығып қалған. Енді, осы жердің 174 мың гектары (7 мың га – егістік жер, 164 мың га – жайылым,  3 мың га — шабындық) мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қант қызылшасы 135 мың тоннаға  жетіп, 7%-ға артты.  Қант өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тонна  өндіретін, құны 85 млрд. теңгені құрайтын заманауи қант зауытының құрылысы басталды («Qyzylsha» ЖШС-мен іске асырылады).

Нидерландтық инвесторлардың қатысуымен                      «K-АГРО» холдингімен фри картопты кешенді өндіру зауытын салу жоспарлануда (қуаттылығы 70 мың тн, құны           54 млрд.тг, 300 жұмыс орны).

Соңғы 2 жылда 25 кооператив құрылып, 55-ке жетті.  Онда 13,3 мың тонна  сүт, 4,5 мың тонна  ет өндірілді.

Өткен жылы республика бойынша экспортталған қой етінің 43 пайызы (1,6 мың тн) облысқа тиесілі болған.   Биыл бұл меже көбейтіліп, 972 тонна  қозы еті экспортталды, немесе республика экспортының 37%-ын құрады.

Ет экспортының артуына байланысты арпа 27 мың гектар артық егілді, — деді облыс әкімі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.