Жамбыл ауданындағы орман өрті сөндірілді

Шілде айының 28-і күні Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты «Ұзынбұлақ» шатқалында тұтанған өрт толықтай сөндірілді, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын шарпыған аумақ 500 гектарды құрады. Өрт кеше сағат 11:40-та ТЖД, орман шаруашылығы және елді мекендегі өрт сөндіру жасақтарының жалпы саны 244 адам және 32 бірлік техникасының күшімен ауыздықталды.

Бұдан бөлек, кеше Тараз қаласы «Ақбұлақ» (1)  шағын ауданында автомобиль гаражыны жанып кеткен. Өрт сағат 16:50-де оқшауланып, сағат 16:56-да ТЖД қызметкерлерінің күшімен сөндірілді.
Сондай-ақ, Қордай ауданының  Қарасу ауылында жеке тұрғын үй шатыры және шөпхана өртке оранды. Нәтижесінде, 2 тонна (110 түк) шөптің күлі көкке ұшқан.

Қуанышқа орай, оқиғалар кезінде қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.