ЖАҢА АВТОБУСТАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Бүгін Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қалаға келген 20 «ПАЗ» автобусының жүргізушілеріне автобустың кілтін табыс етті.
Әрбір автобустың құны 9 млн. 500 мың теңге. Бұл сатып әкелген автобустар алдағы уақытта облыс орталығындағы №11,17,46,55 бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.
Автобустардың барлығы газ отынымен жүру үшін жабдықталған, нақты уақыт режимінде бақылап отыру үшін GPS жүйесі және жолаушыларды ақпараттандырып отыру үшін автоматтандырылған хабарлау қондырғысы орнатылған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.