WTA рейтингі: Юлия Путинцева ТОП-50 қатарына кірді

WTA 6 тамыз күні теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады. Қазақстандық Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, әлемнің үздік 50 теннисшінің қатарына кірді

Еске сала кетейік, Путинцева өткен аптада Вашингтондағы турнирдің ширек финалына дейін барып, ресейлік Светлана Кузнецоваға есе жіберген болатын. Зарина Дияс 63-сатыда тұр. Ал екі орын жоғары көтерілген Елена Рыбакина 189-орынға тұрақтады.

Тізімнің үздік ондығы өзгеріссіз қалды. WTA рейтингі. 6 тамыз

1 (1). Симона Халеп (Румыния) — 7511.

2 (2). Каролина Возняцки (Дания) — 6660.

3 (3). Слоан Стивенс (АҚШ) — 5492.

4 (4). Анжелика Кербер (Германия) — 5305.

5 (5). Элина Свитолина (Украина) — 5020.

6 (6). Каролин Гарсия (Франция) — 4680.

7 (7). Гарбинье Мугуруса (Испания) — 4535.

8 (8). Петра Квитова (Чехия) — 4505.

9 (9). Каролина Плишкова (Чехия) — 4485.

10 (10). Юлия Гёргес (Германия) — 3900

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.