Вьетнамда су тасқынынан 35 адам ажал құшты

Вьетнамда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны артты – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтер агенттігінің соңғы деректеріне сәйкес, 35 адам ажал құшты. Бұған дейін 20 адамның көз жұмып, 14 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғандығы хабарланған болатын. Тағы 17 адам іс-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Айта кету керек, өткен аптаның бейсебі күні «Сон-Тинь» тайфуны басталып, арты алапат жауынға ұласты. Қолайсыз ауа райынан елдің солтүстік бөлігі қатты зақымданды. Сондай-ақ бірқатар ауданда өзен суы арнасынан асып кетті. Салдарынан 5 мыңнан аса құрылыс нысаны қирап, 80 мың гектардан аса егіс алқабы зардап шекті. Билік апат салдарымен күрес жүргізу үшін 6 мыңнан астам әскери жұмылдырды. Ал синоптиктердің алдағы күндерге болжамы көңіл көншітпейді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.