Венесуэлада түрмеден қашқан 50 тұтқынды таба алмай жатыр | arainews.kz

Венесуэлада түрмеден қашқан 50 тұтқынды таба алмай жатыр

470

Өткен демалыста Венесуэладағы түрмеден 51 қамаудағы адам қашып кеткен. Бұл туралы Nacional порталы  жазды.

Нуэва-Эспарта штатындағы алдын ала қамау орталығынан 40 қылмыскердің қашқаны хабарланды.

Бұдан бөлек, Сулия штатындағы түрмеден 10 тұтқын қашып кеткен. Сондай-ақ, Лара штатында сот тыңдалымына жеткізілген адамның бірі қашқан. Қазіргі таңда қашқындардың барлығы іздестіріліп жатыр.

Осы оқиғаға байланысты Венесуэла түрмелер обсерваториясы сотталушылардың өмір сүру жағдайы адамгершілікке жатпайды деп атады. Сондай-ақ, прокуратурамен бірлесіп сәйкес тексеру жүргізуді талап етті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.