Велосипедші баланы қағып кеткен полицей ісі сотқа жіберілді

Велосипедші баланы қағып кеткен патрульдік көлікті басқарған полицейге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттіг іinform.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни, 610 баптың 1 бөлімі мен 611 баптың 2 бөлімі бойынша жауапкершілік қарастырып, материалдар әкімшілік сотқа бағытталды», — деп атап өтілген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада полицей 12 жасар велосипедшіні қағып кетті.

Велосипедті 12 жастағы жасөспірім жүргізген және артына 10 жастағы баланы мінгестірген. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқан. Полиция көлігі жүргізушісіне қатысты  барлық қажетті құжаттар тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасына жіберілді. Белгілі болғандай, жол-көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық ұйымға жүгінбеген.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.