Ұлттық валюта бағамы долларына 349 теңгеге дейін әлсіреді

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 349,44 теңгеге дейін әлсіреді, — деп хабарлайды «ARAINEWS»  ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы сауданың бірінші келісімінің максималдық құны 349,73 теңге болды, ал минималдық құны 348,95 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 68,3 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 349,5-350,7 аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 10.56-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 72,7 доллар болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.