Тұрғындарға 58,4 миллион теңгенің тауары ұсынылды | arainews.kz

Тұрғындарға 58,4 миллион теңгенің тауары ұсынылды

271

Өткен сенбіде орталық «Достық» алаңында ауыл шаруашылығы тауар өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірдің 299 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды.
Атап айтсақ, жалпы құны 58,4 миллион теңге тұратын 16 тонна ет (жылқы, ет, сиыр, қой, шошқа және тауық еті), 4 тонна шұжық, 6,2 тонна сүт өнімдері, 7 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 10 тонна қант, 3,5 тонна өсімдік майы, 1 тонна балық, 1,5 тонна бал, 1 тонна кондитерлік және 3 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна тұз, 1 тонна кептірілген жеміс және 241,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері халыққа ұсынылды. Олардың бағалары нарықтық бағадан 10-20 пайызға төмен болды.

— Жәрмеңкенің негізгі мақсаты халыққа тиімді бағамен сапалы өнімдер ұсыну. Бұл бір жағынан өңірдегі ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына қолдау болып табылады. Тағы бір айта кететін нәрсе, сатылымдағы өнімдердің сапасы жоғары, экологиялық таза. Сонымен қатар, барлық бекітілген бағаға әкімдік тарапынан бақылау орнатылған, — дейді Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкері Нұрбол Жетпісбаев.

Жалпы, жәрмеңке қараша айының 17-сіне дейін, әр сенбіде орталық «Достық» алаңында өтетін болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.