Таразда тұрғын үй өртеніп, 2 адам зардап шекті

Тараз қаласы, Мирзоян көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты. Зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға түнгі 23:41-де орын алған. 200 шаршы метр жерді шарпыған жалын 00:16-да оқшауланып, 00:25-те толық сөндірілді. Өрт салдарынан 1960 және 1939 жылы туылған азаматтарды  күйік шалған. Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды.

Өрттің күшті болғаны соншалық, онымен күресуге ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жыұмыстары қызметінің» 35 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, өрт сөндірушілерге Жергілікті полиция қызметінің 6 қызметкері де жәрдемге келген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.