Таразда сыртқы жарық жаңартылып жатыр

Таразда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көше бойына 205 бағана мен жарықшам орнатылған, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есе үнемделеді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 70 млн тг бөлініп, қазір Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр. 1985 жылғы ескі бағаналар жаңасына ауыстырылып, электр сымдары жер асты арқылы жүргізілді. Арақашықтығы 50 метрды құрайтын бағаналардағы жарықтың сәулесі 25 метрге дейін жетеді. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұдан өзге шаһарда 28 көше қайта жарықтандырылмақ.

Мұхамеджан Арзымбетов, «Жасыл ел – Тараз» ЖШС директорының орынбасары:

— Бұрынғы бағаналар өте сүйкімсіз көрінеді, оқшау көрініп тұр. Өздерінің басқа жерлерді көріп жүрсіздер, жинақы, әдемі, электр сымдардың бәрі жердің астынан жүргізілгеннен кейін барлық жарық әдемі көрінеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.