Таразда нан зауыты өртенді

Кеше Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесінде орналасқан нан цехынан өрт шықты, деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Өрт сағат 08:19-те оқшауланып, сағат 08:24-те толық сөндірілді. Бұл жұмыстарға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің 13 қызметкері және 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.  Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалыннан зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, сол күні Қордай ауданы, Қордай ауылында жеке тұрғын үй шатыры өртке оранды. Өрт сағат 17:15-те оқшауланып, сағат 17:40-та толық сөндірілді.

Жалпы, өткен тәулік ішінде облыс құтқарушылары 27 рет жедел шақыртуға шыққан. Оның ішінде, өртке – 2, жану оқиғасына – 23, авариялық-құтқару жұмысына – 1, әр-түрлі сипаттағы басқада шығу – 1.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.