Таразда командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен басқару органдарының және күштері мен құралдарының іс-қимылын жетілдіру мақсатында 2018 жылдың 26-27 шілде күндері Тараз қаласында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара Тараз қаласы аумағында жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері күштерінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу басқару органдарының басшы құрамын және Азаматтық қорғаныс қызметтерінің жасақтарын дайындыққа келтіруді мақсат етеді. Сонымен қатар, Тараз қаласының аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық — құтқару қызметтері күштерінің іс-қимылдарын іс жүзінде тексеру және Тараз қаласының басқару жүйесін, байланыс және құлақтандыру жүйесінің жағдайын пысықтауды көздейді. 

Жаттығу жұмыстары аясында №32 мектептің аумағында (Жалайыри көшесі, 31) 1) тактикалық іс-шаралар көрінісі өтеді. Сондай-ақ, Автокөлік базарының аумағында (Төле би даңғылының соңы) қалалық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағы сапқа тұрғызылып, дайындығы тексеріледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.