Таразда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар» жедел алдын алу шарасы барысында қылмыстық топты қолға түсірді , – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш топ Тараз қаласында есірткі сақтаумен және таратумен айналысқан. Ұзақ уақыт бойы өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырып келген қылмыстық ұйым бұрын сотты болған үш азаматтан құралған. Олардың барлығы облыс орталығының тұрғындары. Сондай-ақ, екеуінің отбасы, балалары бар екені белгілі болды.

Топ мүшелерінің тұрғын жайларын тінту барысында 383 грамм героин мен 20 грамм гашиш есірткілері табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз қылмыстарын мойындап, Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.