Таразда «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесі өтті

Жамбыл облысындағы Астана қаласының күндері аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесі өтті. Аталмыш көрме Астана қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне сілтеме жасап.

Көрмеге Тәуелсіздік сарайы қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ден астам туындысы қойылды. Аталған шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев ашып берді.

Іс-шараның мақсаты – музейлер арасындағы байланысты арттыру.  Сондай — ақ, Астана қаласы қолөнершілердің  туындыларын өңір жұртшылығына таныстыру.

Көрмені Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.