Таразда 6 жасар қыздың денесі табылды

Жамбыл облысының ТЖД бөлімшелері 24-25 мамыр күні аралығындағы облыс аумағында орын алған өрт оқиғалары туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA

Басқарманың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 24 мамыр күні сағат 16:02-де Тараз қаласы, 2 м/а (Қаратау) №44 үйдің пәтерінде өрт оқиғасы орын алды. Өрт сағат 16:31-де оқшауланып, сағат 16:31-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (18 адам, 5 тех.) күшімен толық сөндірілді. Оқиға орнында 2012 жылы туылған қыздың денесі табылды. Сондай-ақ, өрт кезінде 11 адам құтқарылды, олардың 3-і балалар, қауіпсіз орынға көшірілген 33 адам, олардың 13-і балалар.

Айта кетерлігі, Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 2-рет халыққа көмектесу жұмыстарына шықты.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.