Сирияда жарылыстан 38 адам көз жұмды

Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда қаласындағы лаңкестік әрекеттен 38 адам қаза тапты, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 30-дан астам тұрғын жарақат алған. Бірақ жапа шеккендердің саны әлі де нақтыланып жатыр. Оқиға базарда болған. Бойына бомба жасырған содыр халықтың арасына келіп, өзін жарып жіберген. Әскерилер тағы 2 жанкештіні атып өлтіріп, жарылыс жасамақ болған біреуін қолға түсірді. Ал терактіні «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жасағанын мойындады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.