Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты | arainews.kz

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

129

Бейсенбі, 18 қазан күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы күтілмейді, соның әсерінен ауа сапасы қанағаттанарлықтай болады. Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, Балқаш қаласында ауа ластанып, жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.