Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі, – «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

30 шілдеде Петропавл қаласында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 30 шілдеде екпіні 25 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

30-31 шілдеде Астана қаласында найзағай болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%. Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл сақталады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.