Шымкентте жарық беруші компания электр қуатының тарифін негізсіз көтерген | arainews.kz

Шымкентте жарық беруші компания электр қуатының тарифін негізсіз көтерген

182

Шымкентте электр қуатының тарифі негізсіз көтерілген. Мұндай заңбұзшылықтар кезекті прокурорлық тексерулер барысында анықталды.

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметінше, қадағалау органы өкілдерімен  2015-2017   жылдар аралығында  «Оңтүстік    Жарық    Транзит»    ЖШС-нің қызметіндегі электр энергиясына тарифті бекіту және қолдану заңдылығына кешенді тексерулер жүргізілген.  Тексеру  барысында табиғи монополиялар субъектісі тарифтерді қалыптасыру кезінде және пайдалану барысында түрлі заңбұзушылықтарға жол берілгендігі белгілі болды.

«2016-2017 жылдар аралығында 15,8 млн. теңге мөлшерде тарифтік сметаларға қосылған әлеуметтік салық пен әлеуметтік жарналар бойынша шығындарын 5% артық орындамау, сондай-ақ 6,8 млн. теңге мөлшерде жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметін тарифтік сметаға негізсіз қосу арқылы электр қуатына тарифті көтеру деректері анықталды. Сонымен қатар сатып алу барысында заң талаптарын сақтамау және 13,3 млн. теңге мөлшерде міндетті салықтарды толық есептемеу (КТС және ҚҚС) деректеріне жол берілген» делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан бөлек, қала прокуратурасы енгізген қадағалау актілері бойынша табиғи монополиялар субъектілері тарапынан 22,6 млн. теңгеге компенсациялық тариф енгізілді. Сондай-ақ, заңбұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен (табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы) жауапкершілікке тартылып, 2 млн теңге айыппұл салынған.

Ал, салық органына жолданған  ұсынысты қарау нәтижесінде, мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 1-тармағымен (салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 млн. теңге мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді. Прокуратура қызметкерлері жарық беруші компанияның мемлекет алдындағы қарыздарын толық өтегендігін хабарлады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.