Швецияда суға толған вокзалда жолаушылар шомылып жүр

Швецияның Уппсала қаласындағы орталық теміржол вокзалын жолаушылар бассейнге айналдырды. Желіде көңілді видеолар қызу талқыланып жатыр.

Жазда Скандинав түбегінде жауын-шашын мол түседі. Демалыс күндері Уппсала қаласында толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болды. Орталық теміржол вокзалында жолаушылар пойыздарына жету үшін тізеден, кейбіреулерінің белшесінен су кешуіне тура келді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.