Шотландияда «Ақбаян» спектаклі көрсетілді

Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатқан «ФРИНДЖ» өнер фестивалінде бүгін Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының «Ақбаян» спектакілінің көрсетілімі өтті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі   inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шотландияның Эдинбург қаласында 3 тамыз күні басталған өнер фестивалі 27 тамызға дейін жалғасады. Осы кезеңде көрермен назарына 3700 түрлі жанрдағы қойылым ұсынылады.

«Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады және әлем бойынша театр өнеріндегі ең ірі шара болып табылады. Айта кетейік, биыл айтулы фестивальге әлемнің 50 елінен келген 50 000-ға жуық артист қатысуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.