«Серпін-2050» бағдарламасына құжаттар қабылдануда

Жамбыл облысында еліміздің батыс, солтүстік және шығыс облыстарында тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін-2050» бағдарламасына құжат қабылданып жатыр.
Оқуға қабылдаушы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 29 өкілдері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында үгіт-насихат және құжат қабылдау жұмыстары жүргізуде.
Аталған әлеуметтік жоба аясында жоғарғы оқу орындарына түскен білімгерлер шәкіртақымен, өңірлерге бір рет барып-қайту жолақысымен және жатақханамен, колледжге түскен білімгерлер аталған жеңілдіктерге қосымша бір мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.
«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысынан 2014-2017 жылдары аралығында 1160 студент оқуға түсті. Оның: 973-і жоғарғы оқу орындарына, 187-і колледждерге педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы, медициналық мамандықтар бойынша білім алуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.