Семейде жұмысына мас болып келетін әкім қызметінен қуылды

Семейдегі Озерка ауылдық округінің əкімі Бақытжан Нұғыманов қызметінен босатылды. Бұл туралы Семей қаласының əкімдігі ресми түрде мəлім етті.

Шенді тұлғаның орнынан кетуіне алкогольге әуестік себеп болған. Анықталғандай, ол ішімдікті жиі пайдаланған. Мұнымен қоймай, сол күйі қоғамдық орындарда және əкімдікте жиі төбе көсетіп отырған.

Ақыры оның бұл əрекеті облыстық Әдеп кеңесінің назарына ілікті. Нəтижесінде шаһар басшысына аталған азаматты қызметінен босатуға қатысты кеңес берілді. Қала əкімі де көп күттірмеді. Мемлекеттік қызметкердің беделіне нұқсан келтіргені үшін білдей бір ауылды басқарған басшы лауазымынан айырылып, жұмыстан қуылды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.