Сауль Альварес: Головкинмен үшінші рет айқасуға дайынмын | arainews.kz

Сауль Альварес: Головкинмен үшінші рет айқасуға дайынмын

200

Орта салмақта WBC, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесу және Флойд Мейвезерден реванш алу туралы пікірін айтты.

«Егер жанкүйерлер біздің үшінші рет жекпе-жек өткізгенімізді қаласа, мен ондай мүмкіндікті беремін. Мен фанаттар үшін тамаша жекпе-жектер өткізу үшін жүрген адаммын», — деді «Канело» Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Сауль, сондай-ақ Флойд Мейвезерден реванш алу жайындағы сұраққа да жауап берді. Айта кетейік, Мейвезер әзірше Сауль Альваресті жеңген жалғыз боксшы болып отыр.

«Флойд тәуекелге бел байлап, менімен екінші рет рингке шығады деп ойламаймын. Егер ол боксқа оралғысы келсе, менімен жұдырықтасуы тиіс. Оған бұл оңай емес, бірақ ол тәуекел еткісі келмейтінін білемін», — дейді Сауль.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.