Өзбекстанда тек туризмді оқытатын университет құрылды

Өзбекстан Президентінің 2018 жылдың 28 маусымындағы қаулысымен құрылған «Жібек жолы» халықаралық туризм университеті 2018/2019 оқу жылынан бастап студенттерді оқыта бастайды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі   inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Осы қаулыға сәйкес, туризм, туризм дизайны, туризм саласындағы маркетинг, туристік қызметтер технологиясы және оны ұйымдастыру, туризмдегі логистика, кәсіптік білім беру, қонақ үй бизнесі, мейрамхана бизнесі, менеджмент бағыттары бойынша университетке 125 түлек қабылданады.

Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің Самарқанд облыстық аумақтық басқармасының өкілдері осы процеске көмек көрсетеді. 23 шілдеге дейін 1177 абитуриент құжаттар тапсырған. Құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады.

Университеттің қызметін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіруді ескере отырып, 2018/2019 оқу жылының оқу процессі 2018 жылдың 1 қазанында басталады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.