«Оскар-2019» киножүлдесіне басты үміткерлердің тізімі жарияланды

USA Today порталы әлі прокатқа шықпаған, бірақ киносыншылардың пікірінше, «Оскар-2019» киножүлдесіне үміткер бола алатын 11 фильмді жариялады.

Тізімде актер Брэдли Купердің режиссер ретінде Леди Гагамен түсірген «Звезда родилась» фильмі бар. Фильмде басты рөлде Джексон Мейн (Купер) мен әнші  Элли (Гага), картина 4 қазанда шығады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, киносыншылар Дэмьен Шазелл мен Райан Гослингтің «Человек на Луне» атты биографиялық драмасын (22 қарашада шығады) және Йоргос Лантимос пен Эмма Стоунның «Фаворитка» (31 қаңтарда шығады) фильмін атап өтті.

Бұдан бөлек тізімде Джон Бернтал түскен «Вдовы», Мелисса МакКарти түскен «Сможете ли вы меня простить?», Мэттью Макконахи түскен «Белый парень Рик» және Тимоти Шаламемен түсірілген  «Красивый мальчик» фильмі бар.

tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.