ОБЛЫСТА ИНФЛЯЦИЯ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

Жамбыл облысы бойынша жылдық инфляция деңгейі соңғы бір жылда 6,7% деңгейінде қалыптасқан, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Ал, облыс  халқының нақты ақшалай табысының өсімі 2017 жылғы 4 тоқсанда 2,4% құраған.

Жемістер мен көкөністер, бензин және көмір бағасының өсуін ескермейтін базалық инфляцияның көрсеткіші 2018 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша 6,1% құраса, 2017 жылдың соңында бұл көрсеткіш  – 6,6% болған.

Инфляцияның құрылымында ең көп қымбаттағаны азық-түлік емес тауарлар – облыс бойынша жылдық 8,4%,  азық-түлік тауарларының және ақылы қызметтердің облыс бойынша жылдық баға өсімі сәйкесінше 6,3% және 5,5% құрады.

Бүгінгі күні халықтың инфляциялық күтулері өзінің бірқалыпты төмендеуін жалғастыруда. Наурыз айында халыққа жүргізілген сұраудың нәтижесі бойынша бір жыл бұрын күтілетін инфляцияны бағалау 2017 жылғы қараша айындағы ең жоғарғы 7,7%-дан 5,8%-ға дейін төмендеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.