Облыста 446 мектеп «Bilimland» цифрлық білім беру порталына қосылған | arainews.kz

Облыста 446 мектеп «Bilimland» цифрлық білім беру порталына қосылған

207

«Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық білім беру басқармасымен бірлесе жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда ағымдағы жылға жоспарланған меже 100 пайыз жүзеге асырылып отыр. Мәселен, «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 446 мектеп қосылған. Бұл 100%-ды құрайды. Оның ішінде 427 мектеп онлайн және 19 мектеп офлайн тәсілінде білім беру ресурстары порталына қосылды. Ал ондағы аккаунт саны 19173, оның 18 928-і, яғни 98,35%-ы белсенді. Электрондық ресурстардың қаралым саны 509 486.

Айта кетейік, «Bilimland» порталындағы 8044 сабақ пайдаланылған болса, «Twig» порталындағы 244 видео қаралды. Ал «iTest» порталында 10359 тест, «iMektep» порталында 11083 бастауыш сыныптарға арналған сабақтар қолданылып отыр.

Жалпы, бұл жобалар қазіргі технология мен білім беруді ұштастырып, ұстазға да, оқушыға да тиімді көмекші құрал болып отыр. Мәселен, мұнда бастауыш мектеп бағдарламасын толық қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын түріндегі тапсырма бар. «BilimLand» – мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар қоры. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Ал «iTest» – ҰБТ-ға дайындайтын виртуалды жаттығу алаңы. 13 пән, 15 мыңға тарта тест сұрақтары бар. Барлық мобильді құралдарда жұмыс істейді.

Өткен жылы өңірімізде 150 мектеп «Күнделік» жүйесіне қосылса, биыл бұл көрсеткіш 437-ге жетіп отыр. Жүйеге жалпы 395 9461 пайдаланушы тіркелген. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім деңгейінің алшақтығын жою және мұғалімдердің электрондық ресурстарды, «Күнделік» жүйесін пайдалануына жағдай жасау мақсатында мектептерді жоғарғы жылдамдықтағы интернет, ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен және оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 446 мектеп интернет желісіне қосылған, оның ішінде 416 мектеп 4 мегабит/сек-тен жоғары жылдамдықта; ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен 85,2% мектеп жарақтандырылды. Сонымен қатар, 41 мектепке ішкі сымсыз Wi-Fi желісі тартылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін мектептерді Wi-Fi желісімен қамту межесі – 93%. Облыс мектептері оқу үдерісінде пайдаланатын 24 244 дана компьютермен жабдықталды. 10 908 оқу кабинетінің 7145-і компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.