Нокауттан соң Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады | arainews.kz

Нокауттан соң Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

121

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте  біршама жоғары көтерілуіне жол ашты.

Еске сала кетейік, Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен бокс кешінде жергілікті Мэтт Доэртимен айқасқан Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл жеңіс боксшының BoxRec.com сайтының рейтингінде біршама жоғарылауына жағдай жасады. 27 жастағы боксшы бірден 39 саты көтеріліп, 224-орынға шықты.

Елеусінов келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) өткізеді. Қарсыласының есімі кейінірек хабарланады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.