Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Бұдан басқа, президенттер алдағы кездесулер кестесін, 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті жайлы әңгімелесті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.