МузАРТ тобының мүшесі есту қабілеті төмен балаларға арналған орталық ашпақ

Алматыда үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды.

Олардың қатарында МузАРТ ансамблінің әншісі Кенжебек Жанәбілов те бар. Байқауда әншінің «Ел назы» арт-терапия орталығы жобасы жүлделі орын иеленді.

Әнші есту қабілеті нашар балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін орталық ашпақшы. Орталыққа диагнозы қойылған кез-келген бала келе алады.

«Біздің орталықта есту қабілеті төмен, кахилярлы имплант салынған балалармен жұмыс жасалады. Мен бұл проблеманы өзімнен өткіздім. Менің өзімнің үлкен ұлым құлағы естімейтін болып дүниеге келді. Біз 7 жасына дейін көп уақыт созып жүріп алдық. Миына дыбыс келмеген соң адамның миы ұйықтап қалады екен. Кахилярлы имплантты 6,5 жасында орнаттық. Содан бастап баламыз мектепке барды, аттарымызды айтады», — деді Кенжебек Жанәбілов.

Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алады. Мұнда сурдопедагогтар балаларды домбыра, вокал өнеріне баулиды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.