Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады

Дүйсенбі күнгі Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сауда нәтижелері бойынша, мұнай бағасы қымбаттады.

Сауда нәтижесі бойынша, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,68 долларға өсіп, бареліне 74,97долларды құрады.

WTI маркілі мұнай бағасы қыркүйек айындағы жеткізілімдер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,44 долларға өсіп, баррелі 70,13 доллар болды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.