Құрылыс талаптарының сақталуы қатаң қадағаланады

Жамбыл облысында құрылыс саласындағы талап күшейеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде аймақтағы құрылыс саласына жауаптылардың басын қосқан семинар кеңес кезінде айтылды.

Атап айтар болсақ, мектептер, тұрғын үйлер мен емдеу мекемелері ғимараттары мықты әрі қауіпсіз болу қажет. Алайда, біліктілігі төмен компаниялар мен тапсырыс берушілердің салғырттығынан талай құрылыс сапасыз салынатыны жасырын емес. Оған дәлел, жыл басынан бері өңірдегі 3 жоба мемлекеттік сараптамадан өтпей қалған болатын.

Құрылыстың қыр-сырын білмейтін компанияларға шектеу қойып, заң аясында шара қолдану керек. Осылай деген облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев басқармалар мен аудан әкімдігінің жауапты тұлғаларының жұмысын жүйелендіру керектігін атап өтті.

Еркебұлан Дауылбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары: 

– Бірде-бір басқарма, бірде-бір аудан ұсыныс берген жоқ. Ол дегеніміз қаралып жатқан жоқ деген сөз. Ертең жұмыс істейтін сіздер. Сондықтан, қарау керек. Қолданыстағы нормативтік актілерге байланысты бердік.

Қазіргі уақытта аймақ басшысының бастамасымен құрылыс нысандарына бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бір ғана мысал, облыс орталығында салынып жатқан тұрғын-үйлердің сапасы барлық талапқа сай деп айтуға болады.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.