Қуат Хамитовтың келесі қарсыласы анықталды

 ММА файтері қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов армян спортшысы Давид Хачатрянмен октагонда кездеседі, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Куат Хамитов (20-4-2) 31 тамызда Астанада FIGHT NIGHTS GLOBAL турнирінде Лавид Хачятрянмен кездеседі», — делінген қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг серіктесі әрі отандасы Питер Куилли мен армян файтері биыл мамырда кездескен. Хачатрян нокаутпен жеңілген еді. Ал отандасымыз ирландиялықпен 2017 жылы Алматыда Fight Nights 80 турнирі аясында кездесіп, жеңіске жеткен еді, алай ММА ұйымы жекпе-жек нәтижесін өзгертіп, тең етті.

Қазақстандық спортшы армян файтерімен жекпе-жек өткізуді өзі сұраған. «Fight Nights, осы жекпе-жекті ұйымдастырыңыздар», — деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында армениялық қарсыласының суретін салып.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.