«Қостанай-Арқалық» пойызының дөрекі жолсерігі жазаланды

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның кейіпкері — «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсерігі жолаушыға дөрекі сөйлегені үшін жазаланды. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қостанай стансасы Желілік ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөліміне 1988 жылғы жолаушыдан «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсеріктерінің біріне қатысты шағым түсті. Әйелдің айтуынша, жолсерік дөрекілік танытып, жолаушыға дауыс көтерген. Желілік ІІБ қызметкері тексеру кезінде мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне баруын сұраған, алайда ол бас тартқан. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, әкімшілік құқық бұзған. Кейін құқық бұзушы Желілік ІІБ кезекшілік бөліміне жеткізілді. Ол полиция бөлімінде толықтай өз кінәсін мойындады», — деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексті 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік соты оны айыпты деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.