Конькишілер жаңа маусымға дайындықты пысықтауда

Конькиден Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы маусымға дайындықты пысықтап жатыр,–деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-жиынды өткізуге Астанадағы   «Сарыарқа» велотрегінің мұзайдыны таңдалған. Әдетте бұнда шорт-трек шеберлері жаттығатын. Ал бүгін олардың орнына конькишілер шықты. «Осындай форматтағы жаттығу спортшылардың шеберлігін шыңдап, жылдамдығын арттыруға үлкен үлес қосады», – дейді бас бапкер Дмитрий Бабенко. Оның айтуынша, бұл тәжірибе әлемде бұрыннан қолданылып келеді және алдағы халықаралық, құрлықтық не әлемдік додаларда өз жемісін береріне сенімді.

Дмитрий Бабенко, ұлттық құраманың бас бапкері:

— Оқу-жаттығуды шорт-трек алаңында бастауды жөн көрдім. Осының алдында шетелде болып, роликпен дайындалған едік. Коньки спортында жетістікке жету үшін осындай жан-жақты және тынымсыз жаттығу қажет. Кейін осы жиған физикалық және психологиялық күшімізді коньки жарысына арналған алаңдарда қолданамыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.