ХҚКО-на Telegram арқылы кезекке тұруға болады

Азаматтарға арналған үкіметтің Telegram-бот арқылы тағы үш қызметі қолжетімді болды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов айтты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Әділет министрлігі @EgovKzBot Telegram-ботында жаңа үш қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрата алады:

— «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек брондау; — «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы» анықтама беру; — «Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы» анықтама беру.

Әсет Тұрысов атап өткендей, осымен @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қолжетімді қызметтердің саны 13-ке жетті. Бот арқылы пайдаланушылар: мекенжай, жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы, сотталған-сотталмағаны, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар), тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамаларды сұрата алады.

Одан басқа, пайдаланушыларға мынадай мүмкіндіктер берілген: Әлеуметтік мәртебесін тексеру, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратпен танысу, емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек брондау.

«@EgovKzBot іске қосылған сәттен бастап (21 мамырдан бері) 11 мыңнан астам жазылып, дәл сонша қызметтерге сұрау салған. @EgovKzBot арқылы көрсетілетін қызметтердің саны бұдан әрі көбейеді. Барлық танымал қызметтерді осы платформаға көшіруді жоспарлап отырмыз. eGov.kz порталының белсенді пайдаланушылары мен басқа да азаматтарды бот мүмкіндерін қолдануға шақырамын. Өйткені, шынымен де оңай әрі тез», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов Facebook-те.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.