Халық сенімі бәрінен қымбат | arainews.kz

Халық сенімі бәрінен қымбат

273

Расул Дүйсенбаев, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1- полиция батальонының аға инспекторы

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы өзгерістер енгізу жайына басымдық берілетіндігін атап өтті. Бұл ең әуелі қазақстандықтардың тұрмысын жайлы етуге бағытталып отырған қадам екендігін сала қызметкерлері жете сезінеді.

Қауіпсіз қоғам құру ел дамуын айқындайтын ең маңызды индикатордың бірі саналады. Сондықтан қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүретін полиция қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында  «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданбақ. Сондай-ақ, сала қызметкерлерін өздеріне тиесілі емес функциялардан арылтқанда ғана қылмыспен күрес нәтижелі болмақ. Сол секілді, ішкі істер органдарына қызметке қабылдауда қатаң іріктеу жүйесі енгізіліп, полиция кадрларын даярлау ісінде кәсібилікке басымдық берілетіндігі қуантады.

Сайып келгенде ішкі істер органдарындағы аталған реформаның астарында халықтың полиция қызметіне деген сенімін нығайту  шаралары жатыр.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету-басты міндет. Жаңа Жолдаудағы басты басымдықтар бұл бағыттағы жұмысымызға тың серпіліс сыйлады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.