«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпазы белгілі болды

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Үздік әлеуметтік жоба авторын анықтау мақсатында бүгін Тараз қаласында салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, байқау комиссиясының төрағасы Мұратхан Шүкеев, «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы-2014» республикалық жобасының жеңімпазы Анжелика Сарьян және өзге де қоғам белсенділері қатысты.

Сонымен, байқау комиссиясы шешімімен байқауының аймақтық кезеңінде үшінші орынды  Жамбыл облыстық «Онкологтар ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігінің «Уақытылы диагностика – денсаулық кепілі» жобасы иеленді. Ал екінші орынға Жамбыл ауданынан «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі ЮНЕСКО-клубының «Этно Арт Фест» жобасы лайық деп танылды. Байқаудың жеңімпазы болып «Тараз қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жүректен жүрекке» жобасы танылды.

Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауының облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны барлық жоба авторлары арнайы дипломдармен марапатталды.

Еске сала кетейік, аталмыш республикалық байқау үстіміздегі жылдың сәуір айында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бастау алған болатын. Ол тағдыр тауқыметін тартып, бірақ өмірге деген сергек сенімі мен үкілі үмітін жоғалтпаған біздің мүмкіндігі шектеулері отандастарымыздың алдынан кездесетін өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдауды мақсат етеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.