Қазақстанға Қытай елінен шошқамен будандастырылған қой еті жеткізіліп жатқаны рас па?

WhatsApp мессенджері арқылы Қытай елінен Қазақстанға шошқамен будандастырылған қойдың еті жеткізіліп жатқаны туралы хабарлама таратыруда.

«Қытайлар қошқар мен ұрғашы шошқаны будандастырып, Алла сақтасын, осындай құбыжықтың етін, тушасын Қазақстанға еркін өткізіп, барлық базарларда сатылып жатыр! Сондықтан, базардан қойдың етін алғанда, өте сақ болыңыздар! Қолдан келгенінше, қойды көзбен көріп,қолмен сойғандарыңыз дұрыс! Қазаққа Бір Алла жар болғай!» – делінген кеңінен тарап жатқан хабарламада.

Хабарламаға қоса тіркелген бейнежазбада дене бітімі қойға келетін шошқалар көрсетілген. Әзірге бұл ақпараттың қаншалықты рас екені белгісіз.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.