Қазақстандықтар етті көбірек тұтына бастады

Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну көлемі 2018 жылдың алғашқы тоқсанында жан басына шаққанда орташа 19,5 килограмды құрады.

Бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,8% артық, ал жылдық өсім 6,7% болып отыр.

Қалаларда ет және ет өнімдерін тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткіші 19,9 килограмды, ал ауылдық жерлерде 18,8 килограмды құраған.

Ең көп сұранысқа ие ет түрі — сиыр еті. Оны бір тоқсанда әрбір адам орташа 6,4 кг тұтынған. Кейінгі орындарда жылқы еті (1,5 кг) мен қой еті (1,2 кг) тұр.

Қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші жағынан сиыр еті басымдыққа ие. Оның жан басына шаққандағы орташа тұтыну көрсеткіші — 6,5 кг. Кейінгі орындарда жылқы еті — 1,5 кг және тауық еті — 1,3 кг.

Ауылдық жерлерде сиыр етінің жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 6,4 кг. Ауыл адамы, бұдан тыс, бір тоқсанда орташа 2 кг қой еті мен 1,6 жылқы етін тұтынады.

Ең қымбат жылқы еті бағасының шарықтау шегі 2018 жылдың шілдесінде байқалып, оның 1 килограмы орташа 1666 теңге болды.

Одан кейінгі орындарда сиыр еті — 1500,7 тг және қой еті — 1429,9 тг тұр. Дегенмен жылдық бағаның ең жоғары өсу қарқыны шошқа етінде байқалды.

Оның 1 кг етінің бағасы бір жылда 8%-ға қымбаттап, 1287,8 теңгеден бір-ақ шыққан. Кейінгі орындарда 7,9% қымбаттаған сиыр еті мен 7,8% көрсеткішімен жылқы еті тұр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.