Қазақстандықтар «әдемі» нөмірлерге қанша қаражат жұмсады?

Қазақстандықтар «әдемі» нөмірлерді сатып алуға шамамен 2 млрд теңге жұмсаған.

Жарты жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 913 267 539 теңге көлемінде жоғары сұраныстағы 7 775 мемлекеттік тіркеу нөмірі жасалған.

Бұл жөнінде өзінің Facebook парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай жазды. Ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есе   көп екенін ерекше атап кетті.

«Осылайша, 2017 жылдың 6 айында азаматтар көрікті 1574 нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген», — деп статистикадан мәлімет келтірді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, мұндай нөмірлік белгілер  әсіресе Астана (1762), Алматы (3232), Түркістан (580), Жамбыл (457), Қостанай (376) облыстарында көп берілген.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.