Қазақстандық теннисші қыздар WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

Теннисші арулар қауымдастығы өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды – деп хабрлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: Румыния спортшысы Симона Халеп әлі де көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға даниялық Каролин Возняцки мен АҚШ теннисшісі Слоан Стивенс жайғасты.

Қазақстандық Юлия Путинцева 53-ші орнын сақтап қалды. Тағы бір отандасымыз Зарина Дияс сол қалпы 63-ші орында тұр. ТОП-100-ге жақын қалған еліміздің споршыларының бірі Елена Рыбакина 10 орынға көтеріліп,  189-шы орынға орналасты.

Жұптық разрядта Галина Воскобоева 129-шы орыннан 111-ші орынға жоғарылай түсті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.