Қазақ-қырғыз шекарасында бір аптадан бері жайылым өртеніп жатыр

Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы Алмалуу жайлауында 5 тамызда күйікшөп жана бастады. Өрт Қазақстанмен шекарадағы «Лагерь» учаскесінде шыққан. Бұл туралы Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, жайлаудағы өрт 28 шілдеде шыққан. Тілсіз жау 4 тамызда сөндірілді. Бірақ 5 тамызда өрт қайта тұтанып, 2 мың гектар жерді алып үлгерді.

Өртті сөндіруге Талас облысындағы бірнеше ауданның қызметтері жұмылдырылды. Оларға милиция қызметкерлері, орман шаруашылықтары, техникалық лицей және 200-ге жуық жергілікті тұрғын көмектеседі. Өртпен барлығы 350 адам күресіп жатыр.

1 тамызда Манас ауданында төтенше жағдай жарияланды.

centralasian.org

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.