Қазақ азаматы салқындатқыштың жаңа түрін ойлап тапты (ВИДЕО)

«Ел іші – өнер кеніші» деген бекер сөз емес. Қолынан түрлі бұйымдар тудыруға бейім мына бір азамат арзан да қол жетімді салқындатқыштың түрін ойлап тапқан екен. Осылайша, ол салқындау үшін дүкеннен қымбат құрылғылар сатып алмай-ақ, оны қолдан құрастырудың мүмкін екенін көрсеткен.

Бұл жаңалығымен әлеуметтік желіде бөліскен өнертапқыш «құрылғының» қалай жасалатынына дейін түсіндіріп өткен.

Расында, шіліңгір шілденің ми қайнатар ыстығында жанға сая болар салқын іздеп, сенделіп кететініміз бар. Ендеше, сіз де бұл салқындатқышты жасап алсаңыз болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.