Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады

 Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2018 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында елордаға 35370 адам келіп, 30981 адам көшіп кеткен, – деп хабарлайды»ARAINEWS» ақпарат агенттігі  astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішті 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 49,5% азайды, кеткендер саны 37,5% азайды.

«Қаланың негізгі көші-қон алмасуы аймақтық көші-қон есебінен қалыптасқан: Осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында келгендер 21322 адамды, кеткендер 16424 адамды құрайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан — 19,4%, Оңтүстік Қазақстаннан — 14,2%, Қарағандыдан — 9,8%, Шығыс Қазақстаннан — 8,9%,Алматы қаласынан — 8,2% және басқа облыстардан 39,5%-ды құрайды», делінген хабарламада.

Астана қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Грузия, Ұлыбританиямен, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Аравиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корея Республикасы, Малайзия және Монғолия қалыптасты.

«Ұлт бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға тиесілі — 89,4%-ы және кеткендер санының 86,6%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5,5% және 7%, украиндар — 0,8% және 1%, өзбектер — 0,6% және 1,3%, татарлар — 0,8% және 0,7%, немістер — 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар — 2,4% және 2,7%-ды құрайды», деп хабарланған мекеме ақпаратында.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.