Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын 11,8 пайызға арттырды

2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Каспий құбыры консорциумы 35,48  млн тонна мұнай экспорттады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,77 пайызға жоғары, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Каспий құбыры консорциумы мәліметіне қарағанда, биылғы шілдеде мұнай экспорты 5,158 тоннаға жетті, ал былтыр осы айда бұл көрсеткіш 4,465 млн тоннаны құраған еді.

  КҚК құбыр жүйесі — ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі. Оның Теңіз — Новороссийск құбыр желісі 1 511 километрге созылып жатыр. Осы маршрут арқылы Қазақстан экспорттайтын бүкіл мұнайдың үштен екісі жіберіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Каспий құбыры консорциумы 67 млн тонна мұнай өткізу жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылы Каспий құбыры консорциумы өз қызметіне тарифтерді өзгертпейтіні мәлім болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.