Қант бағасы 12,1 пайызға қымбаттады

Жыл басынан бергі 7 айда Қазақстандағы инфляция көлемі 2,7 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитетіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына биылғы жеті айда — 2,5%, азық-түлік емес тауарларға — 3%, ақылы қызметтерге 2,8%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың басынан бері қызылша бағасы — 35,7%, сәбіз — 34,5%, құмшекер — 12,1%, мәйекті ірімшік — 8,1%, консервіленген сүт — 7,1%, ірімшік және сүзбе — 6,3%, кофе — 5,8%, сары май, ет өнімдері — 4,5%-ға қымбаттаған.

Бағаның төмендеуі қиярға — 57,3%, қызанаққа — 44,2%, сарымсаққа — 26,7%, жұмыртқаға — 12,3%, тәтті бұрышқа — 10,4%, картопқа 5,9%-ға тіркелді.

Дизель отыны — 12,9%, баллондағы сұйытылған газ 4,8%-ға қымбаттады, ал бензин 2%-ға арзандады.

Қызметтер құнына келсек, кабельдік телевизия қызметі — 9,1%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметі — 6%-ға, санаторийлер қызметі — 5,1%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға — 4,4%, кәрізге 3,2%-ға жоғарылады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.